Лексика салалары:
Лексикология – тіл лексикасын,оның тарихи дамуының заңдылықтарын,қызметін
зерттейді.
Семасиология-тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейді.
Этимология-жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол
мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейді.
Фразеология-тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейді.
Диалектология-диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейді.
Топонимика-тұтасынан алғанда, жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейді.
Антропонимика-кісі фамилиясын, әке атын, кісінің шын аты мен лақап атын,
бүркеншік аттарды қарастыратын сала.
Лексикография- сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі сала.