Зат есім-заттың, ұғымның,құбылыстың атын білдіретін сөз табы. (кім?не?)
1)Тұлғасына қарай:
Негізгі з.е. -бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім: ат, жапырақ
Туынды з.е. – жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім; біл-ім, бора-н
2)Құрамына қарай:
Дара з.е.-бір ғана түбірден тұрады: от,ара,баспалдақ.
Күрделі з.е.-екі не одан көп сөзден тұрады: кемпірқосақ, ата-ана,мәдениет үйі.
3) Мағынасына қарай:
1)Деректі з.е.-көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар,құбылыстар атауы:
қалам, сия
2)Дерексіз з.е.-тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдар атауы: реніш,
сана, қуаныш.