шпаргалка

Етістік. (не істеді?қайтті? не қылды?)

[ Назад ]

1)Тұлғасына қарай:

Негізгі е.-қимылдыы білдіретін төл етістік.

Туынды е.-түбір е.-ке не басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған.

2)Құрамына қарай:

Дара е.-бір ғана түбірден (негізгі не туынды) тұрады.

Күрделі е.-кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады.

3)Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай:

Болымды е.-іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Болымсыз е.-іс-әрекеттің болмауын білдіріп, етістікке –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе

жұрнақтарының жалғануы не жоқ,емес сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

4)Мағынасына қарай:

1)Салт е.-өзінің алдында т.септігіндегі сөзді қажет етпейді.

2)Сабақты е.-алдындағы сөздің т.септігінде тұруын қажет етеді.

Мағыналық ерекше түрлері:

1)Есімше-бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.

Қызметі:

Есімдерше түрленіп есім қызметін, жіктеліп етістік қызметін атқарады.

Жұрнақтары:

-ған,-ген,-қан,-кен (бұрынғы өткен щақ);

-ар,-ер,-р (болжалды келер шақ);

-атын,-етін,-йтін,-йтын (ауыспалы өткен шақ);

-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек (мақсатты келер шақ);

Сөйлемдегі қызметі:

1.Бастауыш-атау септігінде тұрса;

2.Толықтауыш- атау не ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып

тұрса;

3.Анықтауыш-ілік септігінде не зат есіммен тіркессе;

4.Пысықтауыш-Б.Ж.Ш.К.септіктерінде келіп не көмекші есіммен, септеулік

шылаулармен тіркессе:

5.Баяндауыш-жіктелсе;

2)Көсемше-бірде үстеудің,бірде етістіктің қызметін атқарады.

Қызметі:

Істің жай-күйін білдіріп, үстеу қызметін, жіктіліп не көмекші е.-пен тіркесіп,

қимылды білдіріп, етістік қызметін атқарады.

Жұрнақтары:

-а,-е,-й (ауыспалы осы не ауыспалы келер шақ);

-ып,-іп,-п (бұрынғы өткен шақ);

-ғалы,-гелі-қалы,-келі;

Сөйлемдегі қызметі:

1.Пысықтауыш-іс-әрекеттің түрлі күйін білдірсе;

2.Баяндауыш- күрделі етістіктің құрамында болса;

Етіс-іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді.

1)Өздк етіс-қимылды орындаушы өзі істейді.

Жасалуы:

-ын,-ін,-н;

-лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен;

-ырқан,-іркен,-сын,-сін

2)Өзгелік етіс-қимылды өзгеге орындатқызады.

Жасалуы:

-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір;

-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз;

-т,-сет;

3)Ырықсыз-қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай

көрінеді.

Жасалуы:

-ыл,-іл,-л;

-ын,-ін,-н;

-лын,-лін,-ныл,-ніл;

4)Ортақ етіс-қимылды орындаушы біреумен бірлесіп істейді.

Жасалуы:

-ыс,-іс,-с

-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес;

Етістік шақтары-іс-қимылдың уақытын тілдіретін етістік тұлғасы.

1)Осы шақ-сөйлеп тұрған кездегі қимылды білдіреді.

1.Нақ осы шақ-дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.

-Жалаң н.о.ш.- жатыр,тұр,жүр,отыр салт етістіктерінің жікктелуі арқылы.

-Күрделі н.о.ш.-(-а,-е,-й,-іп,-п,), (жатыр,отыр,жүр, тұр)+жіктік жалғауы

2.Ауыспалы осы шақ-күнделікті дағдылы болып жатқан қимылды білдіреді.

Етістік+(-а,-е,-й)+жіктік жалғауы.

2)Келер шақ-сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын қимылды білдіреді.

1.Болжалды келер шақ-қимылдың болашақта болатының дәл айтпай, болжалдап қана

білдіреді.

Етістік+(-ар,-ер,-р)+ жіктік жалғауы.

2.Мақсатты келер шақ-қимылдың келешекте мақсат етілі орындалатының білдіреді.

Етістік+(-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек)+(-шы,-ші)+жіктік жалғауы

3.Ауыспалы келер шақ-алдағы уақытта болатын қимылды білдіреді.

Етістік+(-а,-е,-й) +жіктік жалғауы

3)Өткен шақ-сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен қимылды білдіреді.

1.Жедел өткен шақ-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді.

Етістік+(-ды,-ді,-ты,-ті)+жіктік жалғауы

2.Бұрынғы өткен шақ-қимылдың жалпы болғанын білдіреді.

Етістік+(-ған,-ген,-қан,-кен,-ып,іп,-п)+жіктік жалғауы

3.Ауыспалы өткен шақ-сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды

білдіреді.

Етістік+(-атын,-етін,-йтін,-йтын)-жіктік жалғауы.

КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |