Синтаксис:
Сөз тіркесі-кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.
Белгілері:
1.Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады.
2.Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісінен бағынып сабақтаса
байланысады.
3.Зат,құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.
Баағыныңқы сөз-тірек сөздің мағынасын нақтылап,даралап сипат беретін бірінші
сөз.
Басыңқы сөз-сөз тіркесін жасауға тірек екінші сөз.
Сөз тіркесінің түрлері:
1)Есімді сөз тіркесі-басыңқы сөзі есім сөзден болған сөз тіркесі.
2)Етістікті сөз тіркесі-басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі.
Сөз тіркесі бола алмайды:
1)Түрақты тіркес-кемінде екі сөзден тұрғанымен, бір мғынаны білдіреп, бір ғана
сұраққа жауап береді.Сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.
2)Күрделі сөз-күрделі сөз екі сөзден тұрғанымен, бір мағынаны білдіреп, бір ғана
сұраққа жауап береді.Сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.
Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы:
1)Анықтауыштық қатынас-матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән.Басыңқы
сөзден бағыныңқы сөзге кімнің?ненің?қандай?қай?қанша?неше? қайдағы?қашанғы?
деген сұрақтар койылады.
2)Толықтауыштық қатынас-меңгеру байланысындағы есімді ж/е етістікті тіркестерге
тән.Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге?неге?кімді?нені?кімде?неде?кімнен?
неден?кіммен?немен? деген сұрақтар қойылады.
3)Пысықтауыштық қатынас-меңгеру, қабысу,жанасу байланысындағы етістікті
тіркестерге тән.Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда?қашан?қайтіп?қалай? деген
сұрақтар қойылады.
Сөздердің байланысу тәсілдері:
1)Жалғаулар арқылы- сөйлемдегі сөздер жіктік,септік,тәуелдік жалғауларымен
байланысады.
2)1.Септеулік шылау арқылы-сөйлемдегі сөздер септеулік шылаулармен байланысады.
2)2.Жалғаулық шылау арқылы- сөйлемдегі сөздер жалғаулық шылаулар арқылы
байланысады.
3)Орын тәптібі арқылы-сөйлемдегі сөздер еш жалғаусыз қатар тұрып орын тәртібі
арқылы байланысады.
4)Дауыс ырғағы арқылы-сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы
байланысады.
Сөздердің байланысу түрлері:
1)қиысу-сөздердің жіктік жалғаулары арқылы байланысуы не бастауыш пен
баяндауыштың байланысуы
2)матасу-ілік септігіндегі сөз бен тәуелдлік жалғаулы сөздің байланысуы (кейде
і.септігінің жалғауы түсіп беріледі.)
3)меңгеру-Б.Ж.Т.Ш.К. септіктер арқылы байланысуы.
4)қабысу-сөздердің еш жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы.
5)жанасу-ешбір жалғаусыз араға сөз салып байланысу.
Сөйлем-біршама тиянақты ойды білдіретін сөзтер тобы.
Айтылу мақсатына қарай:
1)Хабарлы сөйлем-хабарлау,баяндау,суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем.Соңында
нүкте қойылады.
2)Сұраулы сөйлем-сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем.Соңында сұрау белгісі
қойылады.
Жасалуы:
-сұрау есімдіктер арқылы
-сұраулық шылаулар арқылы
-оқшау,көмекші сөздер арқылы.
3)Бұйрықты сөйлем-бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем.Соңында
леп белгісі қойылады.
Жасалуы:
-бұйрық райлы баяндауышы арқылы.
4) Лепті сөйлем-сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.
Соңында нүкте не леп белгісі қойылады.
Жасалуы:
-одағай сөздер арқылы
-күшейткіш мәнді сөздер арқылы
-демеулік шылаулар арқылы
-интонация арқылы
Құрамына қарай сөйлемдер:
1)Жақты сөйлем-бастауышы бар сөйлем.
2)Жақсыз сөйлем-бастауышы мүлде жоқ сөйлем.
3)Жалаң сөйлем-тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем.
4)Жайылма сөйлем-тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
5)Толымды сөйлем-ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
6)Толымсыз сөйлем-айтылуға қажетті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
7)Атаулы сөйлем-іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
Сөйлем мүшелері-сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы,белгілі бір сұраққа жауап
беретін ж/е сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Тұрлалы мүшелер сөйлем құрауға негіз болады.
1)Бастауыш-сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін мүше.
(кім?не?кімі?несі?кімім?нем?кіміңіз? неңіз?кіміміз?неміз??кімдерің?нелерің?
кімдеріңіз? нелеріңіз?)