шпаргалка

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

[ Назад ]

Кез-келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз да жұмыс істей алады. Дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем, т.б.

Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіден оқитын CD-ROM орналастырылған.

Жүйелік блоктың ішінде аналық (жүйелік) плата (тақша), процессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, бейнетақша, дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар.

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Ол бүкіл компьютердің жұмысын атқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей – компьютердің “тілі”, ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады. Дисплей электронды-сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады.



КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |