шпаргалка

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғалия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы. Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамымн ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы бодлы. Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, меткеп салу, оқу оқып білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкінеместігін терең түснген ол: «Барыңды салсаң да балаға орыстың ғылымын үйрет...өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі...» -деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті. Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды. Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қослады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсыжәне жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқтлады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Абай адам мәнезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деді. Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлермен терең қабысып жатыр.

[ Назад ]











Ахмет Байтұрсынов



Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды. Алдымен ауыл мектебінде (1882-84), кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесін (1891), Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Отаршылыдыққа қарсы күрес үшін бірнеше рет тұтқындалды, жер аударылды (1909). 1913-17 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы, 1918-19 жылдары Алашорда қатарында, ал 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922-25 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссиясының төрағасы, халық ағарту комиссары, 1925-29 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды. 1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, өлім жазасына кесілді. 1988 жылы ел алдында ешқандай кінәсі жоқ екендігі анықталып, толық ақталды.

А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамныда білім-ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытты, оқу тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді, «Әліпби», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» атты кітаптарды қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазады.

Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-17 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көрінеді. Ол туған халықының білім-ғылымға ұмтылуын әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек»-деп жазды.

Байтұрсынов мұғалімдерді педучилищелер ашып арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келе, ондай оқу орындары қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерінен де қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Медреседе оқығандардың педагогика, әдістемеден хабарсыз, ал орыс мектептерінде оқығандардың мұсылманша хат білмейтіндігін қынжыла сөз етеді. Олардың білімін жетілдіру үшін жаз айларында 1-2 айлық қысқа мерзімді курс ашуды ұсынады. Сонымен қатар ол бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытытлу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, ұлт, дін, ұлт тарихы, есеп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс болу керек екендігін нақтылап көрсетті. Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығарудың қолға алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиыншылықтарды қынжыла баяндайды.

Ол қазақ мектептеріне ең зәру ісі – оқулық жазумен айналысады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің фонетикалық жүйесін зерттеумен айналысты. «Тіл құралын» жазбас бұрын ең алдымен жазу графикасын жөндеп алудан бастаудың қажеттігін сезінген Байтұрсынов 1912 жылдан бастап, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне араб таңбаларын жетілдіру, лингвистикалық терминдерді тілге енгізу (дыбыс, әріп, жуан, жіңішке, т.б.) туралы ой-пікір қозғады.

Оның араб жазуын қаза тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртышылығы, әсіресе мұғалімдер жылы лебізбен қабылдады. Себебі, бұл реформа қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми түрде жасалған еді. Сондай-ақ Байтұрсынов ұсынған емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде де, орыс-қазақ мектептерінде де қолданыла бастады.

А.Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгідей суреттерімен берілген Әлеппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің»1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар арасында былай бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» қазақ жұртына орасан зор пайда келтірген еді... Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан артық. Мұның мазмұны қазақ жағдайына сай болып шыққан. Әңгімелері бала үшін қызықты, жеңіл, заманға лайық.»

1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазған соң, көп ұзамай енді мектепті қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығарылды.

«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын соңды болмаған құбылыс. Оның қазақ жұртышылығ үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап көрсетті. Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан «зат есім, бастауыш, шылау, баяндауыш, етістік, сан есім, одағай, есімдік» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі.


КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |