шпаргалка

1-билет

[ Назад ]

Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір

ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет

ауруынан қырылғанын білдірген.

Қараүңгір мекенінен дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар

табылды. Ыдыстарға шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған.

Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық

өрнектермен әшекейленген.

Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат

құбылыстарымен байланыстырды. Ежелгі адамдар өздерін белгілі бір жануардан

таралдық деп есептеген. Сол жануарларды ата тегіміз деп сиынған.

Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан сақтану үшін әр түрлі тылсым

әрекеттер жасаған. Магиялық әрекеттер – құлшылық етіп сиыну, құрбандық шалу,

қорғайды деген түсінікпен тұмар тағу.

Сонымен бірге, адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болған.

Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеген.

Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан

байқауға болады. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен, адамды

бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген. Адамның

маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

Өте ерте заманда өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс –

қанның түсі. Ертедегі адамдар қан жанмен байланысты екенін білген.

Палеолиттік суретшілер сурет салуда ағаш көмірін пайдаланған. Суреттер

үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін

буған әйелдерді жиі бейнелеген. Әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды,

аңшылықтың түрлі көріністерін салған.

Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің және

адамдардың бейнесін ойып жасаған. Cүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің

мүсіндері көп табылған. Еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.

Моңғолдардың қазақ жерін жаулап алуы. Моңғол империясын алғаш көтерген

Шыңғысхан 1155ж Моңғолияның Кендітаудағы Онан өзен жағасында, Болдаң деген

жерде Есугей батырдың оттасында туған 9 жасында әкесі татарлардан қаза

табады. 1206 ж құрылтайды Темирінді хан сайланды. Империя 95 түменнен тұрды.

Әр түменде 10 мың адам. Моңғолия аумағы мен халқы үш әскери аймаққа бөлінді.

Олар оң қанат (Баругар), cол қанат (Жоңғар), Орталық мемлекеттің басты заңы

"Жасақ" 2 бөлімнен тұрды. 1) Шыңғысхан нақыл сөздері. 2) Әскери азматтық

істердегі заңдар және оларды орындалмағандарды жазалау емес ережелері,

мемлекет билігінің басты отаны-Құрылтай жылына бір рет, жазда болды.

Шыңғысхан Найман,Керей, Жалайырды өзіне қаратқан соң, көрші елдерді жаулап

алуды бастайды. 1207-1208 ж үлкен баласы Жайы Енисей қырғыздары мен Сібір

халықтарын басып алады. 1207-1209 ж Тұран мемлекетін жаулайды. 1211-1215 ж

Қытайды басып алып өрт шығаратын соғыс техникасын қолға түсіреді. 1218 ж

Жетісн жеріне енеді. Шығыс Түркістан мен Жетісуді басып алғаннан кейін

Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылды. Оның ең себебі-Отырар

опаты. Шыңғысхан Хорезияға соғыс ашады. Сығанақ қаласы үш ай, Ашнас қаласы

15 күндей берілген. 1219-1220 ж Сыр бойындағы қалалар моңғолдардың иелегіне

түсті. Моңғол шапқыншылығына дейін 200 ел мекен, кейін 20 қалды. Ұлыстардың

құрылуы. Шынғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөлді.

Қазақстан жері үш баласының иелегінде болды. Бөлінген жер Ұлыс деп аталды.

Жошы ұлысы-Шығысы Ертіс өзенінен Еуропадағы дейін, Шығыс Дешті

Қыпшақ,Арал,Сырдың төмені, Жетісудік солт шығысы.

Шағатай-Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан(Жетісу) Орта Азия

Үгедей-Батыс Моңғолия мен Алтай,Ертіс,Тарбағатай

КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |