шпаргалка

2-билет

[ Назад ]

Ерте орта ғасырға (6-9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10-12 ғ.)

отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Оңтүстік Қазақстанда,

кейінгі зерттеулер бойынша, қала саны 37-ге жеткен. Оңтүстік Қазақстанда

қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын

тұсындағы сағалары. Сырдың орта ағысында Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ,

Жанкент, Аснас, Жент, Баршынкент қалалары болған.

Қалалық отырықшылық мәдениет Жетісу аймағында да дамыды. Оңтүстік-батыс

Жетісу аймағынан (орталығы – Тараз) 36 қала орны табылды. Солтүстік- шығыс

Жетісудан 70 қала жұрты ашылды.

Ортағасырлық қалалар көлемі мен экономикалық жағы бойынша өсіп отырған. Олар

3 топқа бөлінді. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қалалар жатады.

Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар кіреді. Үшінші топқа

көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар жатады. 10-12 ғасырлардағы қалалар

дамуының ерекшелігі – отырықшылық мәдениеттің Қазақстанның орталық және

шығыс аймақтарына қарай тарала бастауы. Дамыған ортағасырлық қалаларға

Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбе жатады. 10-12 ғасырлардағы қала

құрылысындағы басты жаңалық – мешіттер мен шығыс моншаларының салынуы. 10

ғасырдағы тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастаған.

15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан

Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау

аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда

қоныс тепкен. Керейлердің мекені – Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь

және Тобыл өзендері аралығы. Қаңлылар Қаратау бауырын, Сырдария мен Жетісу

өзендері бойын мекен еткен. Дулаттар Іле, Шу, Талас өзендері бойында,

Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде тұрған. Жалайырлардың мекені –

Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу. Үйсіндер Жетісуда қоныстанған. Қазақ

хандығының іргесін нығайтып, күш-қуатын арттыруға, ірі, дербес мемлекетке

айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер қазақ қоғамының билеуші топтарының

мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы, Қаратау

баурайындағы, Сырдария бойындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі

тайпалардың көпшілігі 15 ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап Керей мен

Жәнібектің төңірегіне топтасты. 15 ғасырдың басында Әбілхайыр ханның

ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек

қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс

Жетісуға көш бастады. Керей мен Жәнібек Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық

туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Хандықтың алғашқы

құрылған кездегі аумағы Қозыбасы мен Шу аймағы болған. Қазақ даласының

негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт

тайпалары болды. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі деп

Моғолстанды айтамыз. Қазақ хандары қырғыз халқымен де өзара тату тұрған.

КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |