шпаргалка

3-билет

[ Назад ]

Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірінің тайпалары рулық-тайпалық құрылымда

өмір сүрген. Кейінгі қола дәуірінде басталған алғашқы қауымдық құрылыстың

ыдырауы уақыт өткен сайын күшейе түскен. Жекелеген отбасылардың байлығы

өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі арта түсті. Қауым ішінде мал-мүлік

теңсіздігінің шығуы орныға келе, әлеуметтік теңсіздік туды.

1946 жылы Әлкей Марғұлан бастаған археологиялық экспедиция қола дәуірін

жоспарлы зерттеуді бастады. Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай

мекендерінен көптеген қола ескерткіштері табылды. Кейінгі қола дәуіріне

жататын бұл кезең Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталды.

Бұл мәдениетте үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленетін

зираттардың орнына бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болған.

Қауым мүшелерінің арасынан малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған

қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің

тууына әкелді. Жеке меншік – малға, ал жерге – қауымдық, рулық меншік болды.

Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар кездеседі. Оны

әйелдер самай шашына қыстыратындықтан, самай сырға деп аталады.

Сонымен бірге, андрондықтар әр түрлі жыртқыш аңдардың тісінен мойындарына

тұмарша таққан.

Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі

шығыңқы, түбі тегіс болып келген. Құмыраларда тарақ жүзді және үзік сызықты

үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

Мал басының артуына байланысты жайылым жиі ауыстырылды. Жайылым қажеттілігі

малшыларды бір жерден екінші жерге көшіп отыруға мәжбүр етті. Осыдан

жартылай көшпелі мал шаруашылығы шықты. Қоныстар малшылардың қыстауына,

егіншілік шаруашылықтың көмекші түріне айналды.

Тебіндеп жайылуға байланысты қой мен жылқы саны артып, ірі қара азайды. Қой,

жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы бақташылықтан алысқа көшіп бағу

әдісіне әкелді. Мал шаруашылығының дамуында жылқыны мініске үйретудің, күш-

көлік ретінде пайдаланудың орны ерекше болды.

Қола дәуірінің қоныстары өзен-көлдердің жағасында орналасты. Қоныстар 5-10,

кейде 20 шақты үйден тұрған. Үйлердің аумағы 100 шаршы метрден 300-400 шаршы

метрге дейін жетті.

Қола дәуірінің соңына қарай қола мен мыс орақтар кеңінен пайдаланылды. Мало-

Красноярка (Шығыс Қазақстан), Алексеев (Батыс Қазақстан), Степняк (Солтүстік

Қазақстан) қоныстарынан және Жетісудан қола, мыс орақтар табылды.

Қола дәуірінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары – абыздар

пайда болды. Абыздар рудың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай

орындалуын қадағалады. Андрондықтар қайтыс болған адам келесі бір дүниеге

ауысады деп ойлаған. Сондықтан жерлегенде қару-жарақ, еңбек құралдарын қоса

көмген.

Көкшетау жеріндегі Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды. Қоныстың

тұрғындары үй маңындағы бақташылықпен, кетпенді-теселі егіншілікпен

айналысқан.

1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп

сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы

деп аталды. Ұлыстың алып жатқан жері мен халқының көпшілігі қыпшақтар

болғандықтан, оны Қыпшақ хандығы деп те атаған. Әбілхайыр хандығы батысында

Жайық, шығысында Балқаш, оңтүстігінде Арал мен Сырдарияның төменгі ағысы,

солтүстігінде Тобыл, Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.

Рузбихан дерегі бойынша, Әбілхайыр хандығы негізгі үш халықтан –

шайбанилерден, қарақалпақтардан және қазақтардан тұрған.

1431 жылы Екіретүп деген жердегі Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқаста

Әбілхайыр жеңіске жетті. Кейін Орда-Базарды бағындырып, өзінің орталығы

етті. Оған дейін астана Тура қаласы болған. 1446 жылы Әбілхайыр хан Атбасар

маңында Мұстафа ханды тас-талқан етті. Бұл жеңістен кейін Сығанақ, Аркөк,

Созақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алды. Cығанақ қаласын өзінің

орталығы етті. 1446 жылы Самарқанды алды.

1456-1457 жылдары Әбілхайыр хан Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір бастаған

ойраттардан жеңіліп қалды. Ол 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа шығады.

Жорық кезінде Аққыстау деген жерде қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен

Әбілхайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан

айырылды.



















КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |