шпаргалка

12-билет

[ Назад ]

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және

рухани мәдениеті жетіліп отырды. Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды.

Жазда киіз үйде, ал қыста шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үйде

тұрған. Жазғы үйлері – киіз үй және арба үстіне орнатылған жылжымалы үй-

күйме. Киіз үйдің ағаш сүйегі 3 бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Киіз

үйдің бауы – басқұр негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарды. Үйді

жауып тұратын киіздер – түндік, үзік, туырлық.

Қысқы киімдер – құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен, қойдың немесе

түйенің жабағысын қалың матамен тыстап тігілген күпі, шидем ішік, тон. Қысқы

бас киімдері елтіріден, түлкі терісінен тігілген тымақ болды. Жазда ыстық

өткізбейтін жұқа киізден жасалған қалпақкиді. Бойжеткен қыздардың бас киімі

бағалы аң терісінен тігілген бөрік болды. Жас келіндердің бас киімі –

сəукеле. Кейін сәукеле орнына желек жамылды. 30-40 жастағы əйелдің бас киімі

кестеленген кимешек деп аталды. Орта жастағы əйел – жаулық, жасы келген əйел

күндік киген.

Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі – жент. Жылқы сүтінен – қымыз, сиыр

мен қой сүтінен – айран, қатық, құрт, ірімшік, май, түйе сүтінен шұбат

жасаған.

Қарқаралы көш деп көш керуеніндегі түйелерге қырғауылдың қауырсынынан төрт

басты қарқара тағуды айтады. Ол көш кезінде тіл-көз қарқараға ауады деген

сенім болғандығын көрсетеді.

Күннің алғашқы күркіреуі ағарғанның көбеюінің, өсімдіктердің жетілуінің

хабаршысы болған. Қымыз ашытып “қазық майлау”, “бие мұрындық” деп аталатын

той-томалақ жасаған. Қазақ келіндері “ат тергеу” ғұрпы бойынша, үйдің үлкен-

кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды.

Лирикалық-эпостық жырларда халық тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері кең

көлемде көрініс тапқан. Батырлар жыры – халқын жат жерліктердің

шапқыншылықтарынан қорғап, ауыр азаптардан құтқарған ғажайып күш иесі,

батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы дастан. Қазақ ертегілері халық

тұрмысының түрлі жақтарын, қоғамдық өмірін, арманын айқын көрсетеді. 15

ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды. 15-

17 ғасырларда Алтын Орда, Ақ Орда дəуірінде көне қыпшақ тілі ресми, əдеби

тіл ретінде қолданылды. 16-17 ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар

жазыла бастады.

15-17 ғасырларда қазақтар арасында уақыт есебімен шұғылданатын, ауа райын

зерттейтін тəжірибелі білгірлер шыққан. Бұлар – халық күнтізбесін

жасаушылар. Олар жұлдызды аспан картасын жатқа білген. Ежелгі түркілер мүшел

күнтізбесін жақсы білген.

16-17 ғасырларда қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Зират құрылысы

қайтыс болған кісінің әлеуметтік жағдайын байқатты. Халқымыздың мәдениеті

ғасырлар тереңінен жалғасып, қоғамның дамуына байланысты біртіндеп дамып,

жетіліп отырған.

Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік

пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен

құтылып, өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді. Жер өңдеудің

қарапайым түрін меңгеріп, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен өндіру және

тоқымашылықпен айналыса бастады. Сонымен, неолит дәуірінің басты ерекшелігі

– өнімді еңбектің пайда болуы.

Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Ұсақ тастардан өткірленіп алынған ұштар

мен кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін қолданылды. Мұндай құралдарға

жебе мен найза, жүзі өткір тастардан жасалған пышақ пен орақтар жатады.

Құрамалы құралдар екі түрлі материалдан құрастырылып, құралдың ұшы немесе

жүзі ұсақ өткір тастан жасалған.

Неолиттік тұрақтар мен қоныстар еліміздің аумағында көптеп кездеседі.

Олардың жалпы саны 500-ден астам. Неолиттік тұрақтар адамдар уақытша және

ұзақ уақыт аралығында тұрақты өмір сүрген қоныстар болып екіге бөлінеді.

Ежелгі адамдардың негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты болып, жайылымын жиі

өзгертетін болғандықтан, аңшылар олардың соңынан жылжып көшіп отырған.

Сондықтан мекендердің көпшілігі уақытша болған.

Неолиттік тұрақтар: Усть-Нарым (Шығыс Қазақстан), Қарағанды, Зеленая Балка

(Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан). Бұл тұрақтар Сарыарқаның

солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан және жаңа тас

ғасырының соңғы кезі – б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.

Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас

дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тапты.

Мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қыш құмыра (керамика) жасауды біліп,

ыдыстарға өрнектер салған. Сондықтан бұл дәуірді “қыш құмыралар заманы” деп

атайды. Саздан жасалған қыш ыдыс көзе деп аталады.

Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары

табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басын

солтүстік-батысқа қаратып, шалқасынан жерлеген. Бұл о дүниеге деген сенімнің

болғандығын білдіреді.

Қызылорда облысында орналасқан Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған.

Тұрақтан қой мен сиырдың (80 пайыз) және жабайы жылқылардың қаңқалары

табылды. Бұл тұрақтың тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен айналысқан.

КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |