шпаргалка

13-билет

[ Назад ]

14-15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы

кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи,

Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелері. Отырардың батысында 3

км жерде, Сырдария өзеніне жақын жерде Арыстан баб кесенесі орналасқан. Қожа

Ахмет Йассауи кесенесін салуға 1397 жылы Әмір Темір бұйрық берген. Кесене

биіктігі – 37,5 метр, екі биік күмбезді. 35 бөлмеден тұрады, ең негізгісі –

кітапхана, басты бөлмесі – көрхана. Оңтүстік жағындағы үлкен және кіші

ақсарайда атақты адамдар жерленген. Көккесене – Сығанақтың маңында,

Төменарық кентінен 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Алаша хан

кесенесі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. 15

ғасырдың II жартысында салынған Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Йассауи

ғимаратының шығысында, 60 м жерде орналасқан.

14-15 ғасырларда сәулет өнерінің жаңа үлгілері қалыптаса бастады. Ғимарат

төбесін жабу ісінде күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңа қаптама

материалдар пайда болды. Құрылыс материалының соншалықты жоғары сапалы болуы

сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдей түседі.

КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |