шпаргалка

14-билет

[ Назад ]

Қазақстанды ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр-

тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі.

Одан бұрынғы кездегі адамдардың бас сүйектері сақталмаған.

Қазақстан жерін қола дәуірінде еуропеоидтік нәсілге жататын адамдар

мекендеген. Андрондар қыр мұрынды, ат жақты, ақшыл өңді, сарғыш шашты, орта

бойлы болған.

Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан және Шығыс Қазақстандағы қорымдардан

табылған адамдардың бет әлпеттері ұқсас.

Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін

антрополог М.Герасимов жасады.

Монғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерін мекендеген

сақтарда көбірек байқалады. Ал Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында

монғолоидтық белгілер аздау кездеседі.

Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтардың бет пішіні Жетісуға

қоныстанған байырғы үйсіндердің түріне ұқсас болып келеді. Жетісу

үйсіндерінің бас мүсінін антрополог М.М.Герасимов жасаған. Монғолоидтық

белгілер үйсіндердің еркектеріне қарағанда әйелдерінде көбірек кездеседі.

Есім ханның баласы Жәңгір 1628-1652 жылдары хан болған. Қазақ

халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір

атады. 1643 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп, Орбұлаққа

бекінген Жәңгір ханның 600 cарбазы жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрды.

Көмекке Самарқан қаласының әкімі Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен келеді.

Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі.

Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер,

ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен

бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға

күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа

сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер

негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси

істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір

бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді

басқаруға тартты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қатысуымен “Билер

кеңесінің” құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Тәуке ханның басты мақсаты

– ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық

тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті

жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда”

қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй-іші мен бала тәрбиелеу. Ұрлық-қарлық,

барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн

дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды,

үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық

биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты.

Төле Әлібекұлы (1663-1756) Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында

дүниеге келген. Төле би өз өмірін елінің бірлікте, ынтымақта болуына

арнаған. Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағасындағы бір ауылда

дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбек би

Тайкелтір бимен бірге қалмақ ханына барып, алмастай өткір сөзімен оны жеңіп,

малын да, жанын да түгел алып қайтқан. Әйтеке Бәйдібекұлы (1682-1766) –

атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Шын есімі – Айтық. Кіші жүзден шыққан

қазақтың атақты шешен биі. 1710 жылы жоңғар шабуылын тойтару мәселесін

талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Хандық

жасақтары құрылды. Қазақ жасақтары жоңғарларды талқандап, шығысқа қарай

ығыстырды. Қазақ хандығындағы ірі шонжарлар арасындағы алауыздық пен

енжарлық жаудан қорғану үшін халықты жұмылдыруға кедергі келтіріп отырды.

1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жағдай қайтадан ауырлап кетті.









КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |