шпаргалка

17-билет

[ Назад ]

13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік

бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы –

Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес

ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес

маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының

негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин

(1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп

шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп,

бекініс қалаларды жаулап алды.

Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз

жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады.

Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.

Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды.

Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына

кіріп, Шайбани әулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға

заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының

негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – Чимги-

Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады.

Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді.

Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге

жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату

мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің

басшылығымен Чимги-Турада Ибақ хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші

болып жарияланды.

Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне

қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы,

шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды.

Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел

болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.

Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей

бастаған. 11-12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған

кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың

бейнесін салу орын ала бастаған. 10-12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар

салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая

бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар,

моншалар. 10 ғасырдағы араб-парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен

Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км

жерде Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене –

алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы

Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып

келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет

Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен, орта ғасырдың

дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар – шығыс

моншалары болып табылады.

КАТЕГОРИИ:

Network | английский | архитектура эвм | астрономия | аудит | биология | вычислительная математика | география | Гражданское право | демография | дискретная математика | законодательство | история | квантовая физика | компиляторы | КСЕ - Концепция современного естествознания | культурология | линейная алгебра | литература | математическая статистика | математический анализ | Международный стандарт финансовой отчетности МСФО | менеджмент | метрология | механика | немецкий | неорганическая химия | ОБЖ | общая физика | операционные системы | оптимизация в сапр | органическая химия | педагогика | политология | правоведение | прочие дисциплины | психология (методы) | радиоэлектроника | религия | русский | сертификация | сопромат | социология | теория вероятностей | управление в технических системах | физкультура | философия | фотография | французский | школьная математика | экология | экономика | экономика (словарь) | язык Assembler | язык Basic, VB | язык Pascal | язык Си, Си++ |